№1 Аршалы орта мектебі

Рассмотренных обращений: 1
Не рассмотренных обращений: 0

ұлан басы
Автор: Клименко Е.А., №1АОМ директоры

БІР ХАЛЫҚ - БІР ЕЛ - БІР ТАҒДЫР

БІР ХАЛЫҚ - БІР ЕЛ - БІР ТАҒДЫР

        24 сәуірде  Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ-шы сессиясы өтті.Осы сессияға  «Возрождение» атты неміс этномәдени бірлестік қоғамның мүшесі  ретінде мен және менің әріптесім В.Кулагина екеуміз де қатыстық.

Сессия жұмысына барлық аймақтардан әртүрлі ұлт өкілдері және этномәдени бірлестіктер жиналды, онда мәңгілік құндылықтар: бейбітшілік, келісім туралы айтылды. Бүкіл зал болып шын жүрекпен Елбасын қарсы алдық. Сессияның тақырыбы :«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» жайлы болды. Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі: Бейбітшілік пен тыныштық әр үйдің баға жетпес байлығына айналды. Біздер мен сіздер атқарған жұ­мыстың,  Ассамблея жұмысының басты нәтижесі міне, осы! Бүгін біз Ассамблея – тұтастай Қа­зақ­стан халқы деп толық негіз­бен айта аламыз!Барлық он жеті миллион! Табысқа тоқмейілсіп, тоқырап қалмай, алыс болашағымыздың темірқазығы – «Қазақстан-2050» Стратегиясын қа­былдадық. Жаңа жағдайларда Ассамблея нағыз жалпыазаматтық, саяса­түс­тілік және жалпыхалықтық институт болуы тиіс. Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңейе түседі.

     Сонымен қатар Елбасы Қазақстан халқы Ассам­блеясын да­мы­тудың 2020 жылға дейінгі тұжы­рым­дамасы да айрықша атап өтті. Қазақстанда қоғамдық келі­сім орталықтары және әлеуметтік бастамамен Достық үйлері «Вертикаль», «Горизонталь» қарқынды жұмыс істей бастайды.

  «Ассамблеяны қоғамдық келі­сім, мемлекеттік кемелдік, жауап­кер­шілік пен ұлттық патриотизм ордасына айналдыруға, ізгілік пен ашықтық дәстүрлерін сақтауға, әр азаматтың елді гүлдендіруге бел­сенді үлес қосуына шақырады»,-деді біздің Президент.

   Жаңа кезеңде қазақ халқы қуатты тарихи ұйытқы ретінде танылмақ. Басты фактор, қазақ тілі-мемлекеттік тіл болып табылатындығында. Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік тілді міндетті түрде үйрену керек екендігін айтып өтті. Барлық қазақстандықтар айрықша Отанға, туған жерге, ата тегіне, біздің тарихымызға деген махаббаты бар.

         Шарада таңғажайып жылы шырайлы бейбітшілік пен қайырымдылық атмосферасы сезініп тұрды. Барлық сөз сөйлеушілер көшбасшыға еліміздегі тыныштық үшін, жеткен жетістіктеріне шексіз алғыстарын білдірді.

          Қазақстан халқының 20-шы сессиясы тек бізге болашаққа деген сенімділікті көрсете білді.Біз тағы да жұмақты басқа жақтан іздеу керек еместігіне көз жеткіздік.Қазақстан-бұл біздің Отанымыз, ортақ үйіміз. Біз осындай тәуелсіз Қазақстанда  елінде бейбітшілікте тұрып, қызмет атқарып жүргеніміз үшін мақтан етеміз.             

Клименко Е.А., №1АОМ директоры


Просмотров: 7812
Дата создания: 08.05.2013
Дата редактирования: 08.05.2013

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource